Итті құтқару мүмкін болмаған
Атырауда су тасқыны болған уақытта жергілікті тұрғындарға көмектескен итті атып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында «Пшөн» есімді ит арқасына құм салынған дорбаларды тасып, жергілікті тұрғындарға көмектескен.
Желіде итті атып кеткені туралы ақапарат тарады. Оны құтқару мүмкін болмады.
«Біздің ит ауладан шығып кеткен еді. Жақын маңда ит аулау қызметі жүрген, олар оны көріп, неге екені белгісіз, атып тастапты. Танымай қалған шығар», - деді иттің иесі.
Желі қолданушылары жанашыр иттің өліміне қатысты пікір білдірді.
«Кешір бізді Пшөнжан, адамзатқа жасаған жақсылығың алдыңнан шықсын», «Адамдардың алғысы», «Адамды аямайтын қоғам сені аясын ба?» - деп жазды желі қолданушылары.