Ақтөбе тұрғыны күйеуінің бостандығы үшін 112 миллион теңге берген

Nur-Altay Umirzak

Тұрғынды алдаған алаяққа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Сурет: Sputnik.kz

Ақтөбе тұрғыны күйеуінің бостандығы үшін алаяққа 112 миллион теңге беріп жіберген,  деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жайында Ақтөбе қалалық соттың баспасөз қызметі мілімдеді.

“Алаяқ Ақтөбе тұрғынына күйеуін бостандыққа шығарып беремін деп "қызмет" ұсынған. Ол күйеуін колониядан апелляциялық сот арқылы қомақты сомаға босатуға уәде берген. Бұл ретте ол құқық қорғау органдары мен ҰҚК-дегі байланыстары бар екендігіне сендірген.Сөйтіп Ақтөбе тұрғыны алаяққа 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін 112 млн теңге беріп келген. Сотта айыпталушы кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген Ақтөбе қалалық соттың баспасөз қызметі мілімдемесінде.

Сонымен қатар, жәбірленушінің азаматтық талабы толық қанағаттандырылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.