Алматыда жарнамалық баннер орнату кезінде альпинист 12-қабаттан құлап кеткен

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін болған

Сурет: mir24.tv

Альпинист Алматыда жарнамалық баннер орнату кезінде 12 қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматықалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

“Оқиға 3 желтоқсан күні түстен кейін орын алған. 27 жастағы ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.Қайғылы оқиға Төле би көшесіндегі «Әсем Плаза» тұрғын үй кешенінде болған”, – делінген Полиция департаменті хабарламасында.

 Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.