Пшөн атты иттің өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

Qaz365.kz редакциясы

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Фото: әлеуметтік желіден

Атырау облысында Пшөн атты иттің өліміне байланысты жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін Атырау облыстық полиция департаменті жануарларға қатыгездік көрсету бабы бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді. 

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін қосымша мәліметтер жарияланбайды", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бір күн бұрын су тасқыны кезінде иесіне көмектесіп, қазақстандықтардың ықыласына бөленген Пшөн итінің өлгені белгілі болды.