Жамбыл облысында басқарма басшысы кабинетінде сол қолының тамырын кескен

Qaz365.kz редакциясы

Оның өз-өзіне қол жұмсауына облыстық ветеринарлық станцияның қызметкерлерінің келуі себеп болуы мүмкін

facebook.com/Маржан Ракай

Жамбыл облысы Қордай ауданында ветеринария басқармасының басшысы кабинетінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Алдын ала мәлімет бойынша басқарма басшысы  сол қолының тамырын кескен. Есін жоғалтпаған. Қазіргі кезде өміріне төніп тұрған қауіп жоқ көрінеді..

Ол жедел жәрдеммен орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Басқарма басшысының жағдайы туралы әзірге ештеңе белгісіз.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қордайлықтар оқиға орнын полицейлер қоршауға алғанын айтады.

Басқарма басшысының өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуге облыстық ветеринарлық станцияның қызметкерлерінің келуі себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін барлық облыстық ветеринария басқармаларында кешенді тексеру жүргізілетін. Ол желтоқсан айының басында бірнеше сөгіс алған. Құқық бұзушылықтардың жойылуын тексеру мақсатында дәл ауданға облыстық ветеринарлық станцияның мамандары келді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оның барысында оқиғаның толық мән-жайын, себеп-салдарын анықтау мақсатында осы дерекке қатысты тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық іс Қордай ауданы полиция бөлімінің басшылығы тарапынан бақылауда тұр.