Павлодарда мұғалімнің оқушыны ұруы – қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны тәртіпке салмақ болып ұрып жіберген

Видеодан скриншот

Павлодардағы мектептердің бірінде оқушыны ұрған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Кәмелетке толмағанды ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны тәртіпке салмақ болып ұрып жіберген. Оқушы партаға шығып алып, TikTok желісінде тараған дыбыстарды салып, айғайлаған. Кейін педагог жұмысынан қуылды.