Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген азаматтың жағдайы белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады

Әлеу

Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды  Qaz365.kz

 Оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Ал полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды.

Еске салайық, 5 желтоқсанда Маңғыстау облыстық әкімдігіне бір тұрғын келіп, өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған. 

Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген. Содан соң оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Алайда оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберді.