Астанада үйлену тойында кісі өлтіріп, жасырынып қалған шетелдік ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Ол Астанадағы сауда орталықтарының бірінен ұсталған

Сурет: Бейнеден кадр

Астанада үйлену тойында кісі өлтіргеннен кейін жасырынған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Астана қаласы Полиция басқармасы мәлімдеді.

34 жастағыТәжікстан азаматы бақылауда болған. Бірақ ол өз елінен 2023 жылы қашып кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айында ер адам халықаралық іздестіруге жарияланды. Содан кейін полиция оны Астананың сауда орталықтарының бірінен ұсталды.

“Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда экстрадициялау туралы шешім қабылданғанға дейін болады. Жақын арада ол іздестіру бастамашысы – Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздестіру органдарына берілетін болады”, – деп хабарлады стана қаласы Полиция басқармасы .

34 жастағы Тәжікстан азаматы 2022 жылы өз елінің аумағында үйлену тойында болған кезде, қонақтардың бірімен қақтығыс кезінде оған дене жарақатын салған. Салдарынан ер адам қайтыс болған.