Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа “Кәсіби шеберлігі үшін” медалі табысталды

Nur-Altay Umirzak

Адвокатты марапатқа Нүкеновтер отбасының адвокаттарының бірі Игорь Вранчев ұсынған

Сурет: Коллаж/Qaz365.kz

Республикалық адвокаттар алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа “Кәсіби шеберлігі үшін” медалін табыстады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл марапатқа Buzyq телеграм-арнасының мәліметі бойынша – алқа төрағасының орынбасары әрі Нүкеновтер отбасының адвокаттарының бірі Игорь Вранчев ұсынған.

“Бұл марапат – еңбегім мен жетістіктерімнің белгісі. Сонымен қатар адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау жолындағы қызметімді ары қарай жалғастыруыма шабыт сыйламақ”, — деп атап өтті Ерлан Ғазымжанов.

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғаған болатын.