Атырау облысында жүк пойызы аударылып, күкірт шашылды

Qaz365.kz редакциясы
видеодан кадр

Атырау облысының Мақат ауданында төрт вагон рельстен шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вагондар «ҚТЖ» Атырау филиалы – «Жүк тасымалы» ЖШС-не тиесілі. Апат салдарынан вагондардағы күкірт жерге опырылып түсті. Жауапты мамандарға көліктерді көтеру және оның салдарын жою жөнінде тапсырма берілді;

«Оқиға орнына мамандар тексеріп, сынама алу үшін барды», - деп хабарлады Атырау облыстық экология департаментінен.