Түркістан облысында жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Жергілікті тұрғындар жер сілкінісін сезді

Фото: istockphoto.com

Бүгін таңертең Түркістан облысының Мақтаарал ауданында екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсан күні сағат 08:24-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезген.

«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ», - деп хабарлады ТЖ министрлігі.