Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кабинасын сындырған

Nur-Altay Umirzak

Күдікті қамауға алынған

Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, кабинасын сындырды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.

“Жолаушы №120 автобус жүргізушісімен жанжалдасып, оның кабинасындағы әйнекті сындырған. Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, куәгерлер мен бейнебақылау жазбалары тексеріліп жатыр.