Алматы облысында балалар терең құдыққа түсіп кетіп, шыға алмай қалған

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында болған

Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда терең құдыққа түсіп кетіп, шыға алмай қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады.

“Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында бір жасар бала тереңдігі екі метр болатын құдыққа құлап кеткен. Оны көріп, көмекке асыққан сегіз жасар әпкесі де құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған. Балалардың ата-анасы дереу құтқарушыларға қоңырау шалған. Құтқару қызметкерлері жедел жетіп, арқанның көмегімен бүлдіршіндерді шығарып алды. Ешкім зардап шеккен жоқ”, – делінген Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдемесінде.

Қазір балалардың денсаулығы тексеріліп, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.