Қызылорда облысында бойжеткен әкесін сотқа берді

Qaz365.kz редакциясы

Қыз бала материалдық көмекке мұқтаж болған

Фото: ашық дереккөзден

Қармақшы аудандық сотында алимент өндіруге қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қыз бала материалдық көмекке мұқтаж болғандықтан, туған әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Талапкер өз арызында жауапкер Г. оның әкесі екенін, қазіргі уақытта күндізгі бөлімде оқитынын, сондықтан материалдық көмекке мұқтаж екенін көрсетті. Олардың арасында алимент өндіру туралы өзара келісім болмағандықтан, ол жауапкерден 21 жасқа толғанға дейін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұрады», – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқығы түсіндіріліп, тараптар бітімгершілік келісімін бекіту үшін сотқа ұсынды.

Бітімгершілік келісімнің талаптары бойынша жауапкер талапкерге 21 жасқа толғанға дейін ай сайын алимент төлеуге міндеттелген. Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.