«Неге із көп?»: Қаржаубай Нұрқанаттың мәйіті табылған орынды көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайдың бұл видеосы қызу талқыланып жатыр

Видеодан скриншоттар

Бүгін түнде Талғар маңында Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылған еді. Осы ретте марқұмның ағасы Қаржаубай Нұрымов оны қалай қай жерден тауып алғанын видеомен толықтай көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мынау біздің Азат ауылы, Шерзаттың жатқан жері. Бір кісілер «автокөлік осында» дегеннен кейін біз түнде осы биікке келдік. Мына жерде автокөлік есігі ашық тұр екен. Екі телефоны бар. Көлік оталып тұрған секілді болды (анық түсіне алмадым). Осы жермен жалғыз із жүреді де, жардан түседі. 7-10 метр жардан адамның түсуі мүмкін емес. Осы жерден түсіп, 700 метрдей жермен тас жолға қарай жақындайды. Жардың бойымен түскен. Ізді қуалап жүрдік. Шақырымға жақын жүрген. Түнде жалғыз өзі біздің үйге жақын жерге, бетонның артына барған. Жіңішке талдың артында екі аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған жерінен таптым. Оның мойнында жарық диодты сым болды. Бұтаққа байланған. Еркін отыр. Механикалық асфиксияның бір жағында ғана ізі тұр. Осы жерден бауырымды алып шықтым», - дейді Қаржаубай Нұрымов.

Қаржаубай Нұрымов марқұм бауыры түнде көлігін қалдырып, есігін ашып, не себепті келгеніне күмәнданады.

«Түнде көлігін қалдырып, есігін ашып, не себепті келді деп ойлайсыздар? Міне, менің бар шындығым. Әркім әртүрлі айтады ғой. Шын айтты, өтірік айтты деп. Аққа Құдай жақ. Сабыр сақтайық, Алланың бұйырғаны болады, – дейді ол.

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайдың бұл видеосы қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының бірі «Неге із көп?» деген сауалына Қаржаубай Нұрымов «Иә» деп жауап берген екен.