Сотталғанды шығару үшін пара сұраған Шымкенттік соттың тергеу ісі аяқталды

Nur-Altay Umirzak

Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдаған

Сурет:Pixabay

Сотталғанды шығару үшін 110 млн теңге пара сұраған Шымкенттік соттың ісіне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

 “Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады”, – делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.