Талғардағы Шерзаттың отбасына қандай көмек көрсетілді: Облыс әкімі жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Әкімдік отбасыға көмек көрсету үшін ұсыныстар жіберген

Сурет: ашық дереккөзден

Талғардағы Шерзаттың отбасына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. 

"Әкімдіктің жұмысы — адамдарды, оның ішінде демеушілерді, меценаттарды және ҮЕҰ-ды ұйымдастыру. Біздің тарапымыздан үй салуға көмектескісі келетін ізгі ниетті адамдарды тауып, ұйымдастырдық. Бірақ құрылысты бастау үшін отбасның өздері мақұлдауы керек. Біз сондай-ақ қыс мезгілінде құрылысқа байланысты жоспарлау құжаттарын келісуді ұсындық. Алайда отбасы сол ауылдағы ата-анасының үйінде тұруды жөн көрді", — деді аймақ басшысы.

Ол қайтыс болған жасөспірімнің отбасына алғашқы күндерінен бастап материалдық көмек көрсетіліп, ұсыныстар жібергенін айтып түсіндірді.