Оралда мұз үстінен ер адамның денесі табылды

Nur-Altay Umirzak

Мәйіт 13 желтоқсан күні түстен кейін Садовое ауылына жақын жерден анықталған

Сурет: Мой город

Оралда Шаған өзенінен мұз үстінде қатып жатқан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаға пікір білдірді.

“13 желтоқсан күні түстен кейін Садовое ауылына жақын Шаған өзеніндегі мұз бетінен ер адамның мәйіті табылды. Мүрденің жеке басы анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны. Жақын маңда қармақ табылды. Дерек бойынша ол балық аулауға шығып, содан оралмаған. Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», –  делінген полиция  хабарламасында.

Полицияның дерегінше, оның денесінен зорлық-зомбылық іздері табылмаған.