Алматыда өрт сөндірушілер 4 баланы құтқарып қалды

Nur-Altay Umirzak

Оқыс оқиғаға дүкендегі сөрелердің жануы себеп болған

Сурет: Бейнежазбадан кадр

Алматыда өрт сөндірушілер түтінге уланып қалудан сақтайтын құтқару қалпағының көмегімен 4 баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Алматы қаласлық ТЖМ мәлімдеді. 

Оқыс оқиға Наурызбай ауданының Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйде орын алған. Үйдің бірінші қабатындағы дүкендегі сөрелер жанған.

“Өрт сөндірушілер баспалдақпен жоғары қабаттағы 30 тұрғынды эвакуациялады.Түтінге уланып қалудан сақтайтын құтқару қалпағының көмегімен 4 бала сыртқа шығарылды.60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген  Алматы қаласлық ТЖМ мәлімдемесінде.

Қазір оқыс оқиғаның залалы есептеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.