Таңертең таксимен кеткен: Алматыда ескі зауыттан әйелдің мүрдесі табылды

Nur-Altay Umirzak

Ол Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан өлі табылған

Сурет: иллюстрация/ ЖИ жасаған

Алматыда қараусыз қалған зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты Алматы облысы Полиция басқармасы растады.
 
“56 жастағы әйел таңертең үйінен таксимен кетіп,кейін Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан өлі табылған. Қазір болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық полициясы.

Тергеу мақсатында бейнебақылау жазбалары тексеріліп, айғақ заттар сот медициналық сараптамалар жүргізілуге жіберілген.