«Қазақмыс» ереуілге шыққан жұмысшылардың талабына жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұл жұмысшылардан екі есе төмен

Сурет: Kursiv.media

«Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғанцветмет» жұмысшыларының жалақыны көтеру туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Берілген жауаптың мәтініне қарағанда «Қазақмыс» ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартқан.

«Кездесу барысында олар «Жезқазғанцветмет» мекемесіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге екенін, ал медиандық жалақы 650 мың теңге екенін айтты. Ұлытау облысындағы медиандық жалақы — 404 105 теңге, ал Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұдан екі есе төмен – 285 677 теңге», — делінген «Қазақмыс» корпорациясы хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шығып, жұмысшылардың жалақысын көтеруді талап еткен болатын.