Жетісу облысында 7 жыл іздеуде жүрген учаскелік полиция сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Сот шешім шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады. Полиция қызметкері 5 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облыстық прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ал оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

- Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, - делінген хабарламада.