Ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты
Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева қызымен бірге күдікке ілінді. Ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тергеу органдары анасы қызына қайырымдылық қоры жинаған ақшаны қолма-қол етуге көмектескен деп есептейді.
Бұған дейін Курсив басылымы Перизат әлеуметтік желіде араб елдеріне ет жеткізетін компаниясы бар екенін жазған. Алайда анасының атында етке байланысты компания тіркелмеген.
Айта кетейік, Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр. 16 қарашада Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.