Күдікті қашып кеткен
Қарулы адам Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешеніне кіріп, екі адамды атқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгісіз адам қымбат үйдегі пәтердің бірін тонауға тырысқан.
– Бұл факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті қашып кеткен, полиция оны іздестіріп жатыр.