Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

Qaz365.kz редакциясы

Ауруханаға жатқызылған зардар шегушілердің жағдайлары тұрақты

Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне хабарлама жасап.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.

“2024 жылғы 21 желтоқсанда таңғы сағат 4:39-да «Риддер ЖЭО»-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасының жарылысы орын алды, алайда өрт тіркелген жоқ. Оқиға салдарынан зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайлары тұрақты. «Риддер ЖЭО» штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында - 4 градус. «Шығыс жылу» АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін”, – делінген хабарламада.