Ақтауда жол ортасында билегендер жазаланды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 5 және 6-шағын аудандар арасындағы жолда орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Ақтауда жол ортасында көлігінен шығып лезгинка билеген көлік жүргізушілері жазаланды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Ақтау қаласы Полиция басқармасы мәлімдеп отыр.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция жол ережесін бұзғандарды анықтап, оларға айыппұл салған.

«Полиция тексеріс нәтижесінде көлік иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырып, көліктерді айып тұрағына жіберді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу тек өз өміріңізге ғана емес, басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіреді», – деп ескертті ведомство.

5 және 6-шағын аудандар арасындағы жолда Bentley, Mercedes Benz және Porsche көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысына кедергі келтіріп, лезгинка билеген.