Оқиға 21 желтоқсанда Ақтау-Алматы рейсінде орын алған
Ұшақта кішкентай қызға тиіскен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 21 желтоқсанда Ақтау-Алматы рейсінде болған.
Жолаушының айтуынша, ұшақта жалғыз ұшып келе жатқан кәмелетке толмаған баланың қасына бір ер адам отырып, оған жөнсіз әрекет жасаған.
"Салонда жарық сөнген кезде ол қызды азғындамақ болды. Ер адам оның қолын алып, атын, жасын сұрап, мақтап, сипап, дем ала бастады. Бала бұған қарсы тұруға тырысты. Жарық қосылған кезде стюардессалар қыздың жылап тұрғанын көрді. Сосын менің жаныма ауыстырды”, – дейді жолаушы.
Полиция ол адамды ұстағанмен, оны азғындық әрекеті үшін емес, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін жауапқа тартқан.
“Ақтау-Алматы рейсімен үшқан ер адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Аллкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Оған 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.