Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр

Фото: ТЖМ

Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«23 желтоқсан күні сағат 04.49-да Павлодар қаласындағы Рылеев көшесінде орналасқан көпқабатты үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаздар мен ағаш еденнің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің аумағы 4 шаршы метр болды. Өрт орнынан 17 ересек және 3 бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен тағы үш тұрғын далаға шығарылды», - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар отқа оранған пәтерден 1959 жылы туған ер адамның денесін тапқан.

Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары тартылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.