Ақмола облысында темір жол бойында әйел адамның денесі табылды

Nur-Altay Umirzak

Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда Макинка станциясында болған

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған

Ақмола облысындағы темір жол бойында әйел қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Бұл туралы жергілікті Жол-көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда сағат 19.00 шамасында Макинка станциясында болған.

“Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімі әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – делінген полиция хабарламасында.

Оның өлімінің себебі анықталу үстінде.