Қазақстандықтардың жеке деректері ұрланды

Nur-Altay Umirzak

Жеке деректер ресейлік «Сирена-Трэвел» компаниясынан тарап кеткен.

Сурет: nag.ru

Әуе билетін сатып алу кезінде қазақстандықтардың жеке деректері ресейлік сервистен ұрланған, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігінің өкілі Руслан Әбдіқалықов.

Жеке деректер ресейлік «Сирена-Трэвел» компаниясынан тарап кеткен.

«Қазақстандық азаматтардың жеке куәлігіндегі аты-жөні мен құжат нөмірі ұрланған.  Бұл оқиғадан соң цифрлық даму министрлігі «Роскомнадзорға» арнайы хат жібердік. Хатта оқиғаның мән-жайын анықтап, бұған қатысты қандай шаралар қолданылатыны жөнінде ақпарат беруін сұрадық», –  дейді Руслан Әбдіқалықов.

Енді комитет деректері ұрланған азамттардың атын анықтап, оларға арнайы хабарландыру жіберуді көздеп отыр. Жеке деректері ұрланған азаматтар отандық әуе компанияларының үстінен шағым түсіре алатыны хабарланды.