Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің қазіргі жағдайы туралы айтылды

Qaz365.kz редакциясы

Қуат Айтқалиев биіктен құлап, басы жарылған

Фото: әлекметтік желі

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева Семейде жаңажылдық шыршаны сәндеймін деп биіктен құлап, ауруханаға түскен мұғалімнің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Науқас есін жиды, жағдайы бірқалыпты. 21 желтоқсанда, жарақат алған күні операция жасалған болатын, бүгінгі таңда пациент керекті көмекті алып жатыр. Одан кейін реабилитациядан өткіземіз», - деді ол.

Еске салайық, таяуда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев биіктен құлап, басы жарылған. Оны ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған болатын. Жараланған ұстаздың әйелі Сымбат Аянқызы шыршаның білім басқармасы, болмаса, мектептікі емес, тікелей Семей қаласы әкімдігінің шыршасы екенін және оны құруға 30 млн теңге бөлінгенін мәлім етті. Айтуынша, жолдасына шырша құруға қалалық білім бөлімі, білім бөліміне қаланың әкімдігі тапсырма бергені анықталды.