Ақтауда 52 жолаушысы бар Az Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Pixabay

Алдын ала мәлімет бойынша, Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бет алған Az Airlines жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.

Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.

Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, ол жұмыс істейді.

Жедел желі телефоны: 8/7292/319099.