Ақтаудағы ұшақ апаты: 12 адам тірі қалды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр

әлеуметтік желі

Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, 12 адам тірі қалған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала. 

Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Апат орнына жеке құрамнан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. 

Ресейлік Baza телеграм-арнасының жазуынша, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі – Әзербайжан азаматтары болған.