Ақтаудағы ұшақ апаты: аураханаға 28 адам жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға орнында 4 адамның денесі табылғаны айтылады

Фото: Азамат Сарсенбаев

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 28 адам ауруханаға жеткізілген. Біршамасының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазіргі таңда көпрофильді клиникалық ауруханаға 26 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімінде сұрыптау жүргізіліп жатыр. Жеткізілгендердің 7-еуі ауыр жағдайда жансақтау бөілміне жатқызылды. ОБА-ға 11 және 16 жас аралығындағы 2 бала түсіп, жатқызылды", - деп хабарлады басқарма өкілдері. 

Оқиға орнында 4 адамның денесі табылғаны айтылады. 

Кейінірек ҚР ТЖМ өкілдері тірі қалғандардың саны 28 екенін, олардың екеуі бала екенін хабарлады.