Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады

Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін ұшақ апатында аман қалғандардың алдын ала тізімін жариялады. Тізімде Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Апат кезінде тірі қалған 29 адамның ішінде 11 және 16 жастағы екі бала бар. Біреуі Әзербайжан азаматы, екіншісі Германияда тұрады. Алайда азаматтығы белгісіз.

Жалпы, қазіргі кезде ауруханаға 10 Ресей азаматы, 14 Әзербайжан азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, Германияда тұрамын деген бір бала жеткізілді. Бұдан бөлек, 32 және 40 жастағы екі әйелдің азаматтығы әзірше белгісіз.


Еске салайық, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Ұшақ бортында Ресей және Қазақстан азаматтары да бар.

Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Компания бортта болған жолаушылардың тізімін жариялады.