Ұшақтан тірі қалған жігіттің ағасы бауырын видеодан танып қойды

Qaz365.kz редакциясы
РИА Новости

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылардың бірінің ағасы Икбал Байрамов әлеуметтік желіде тараған видеодан тірі қалған немере інісін таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

Қазір ер адам ұшақ қонуы тиіс Грозный әуежайында. Жиені оған бірінші рет қонаққа ұшып бара жатқан. Икбал Байрамовтың айтуынша, 21 жастағы немере інісін соңғы рет ұшуға дайындалып жатқанын айтып, таң ата хабарласқан.

Ол маған жаңа ғана фото және видео жіберді. Інім дін-аман. Өз аяғымен жүріп жүр екен. Бәрі жақсы, - деді Икбал Байрамов.

Туысы тірі қалған адамдардың видеосында қара костюммен жүр.

Икбал Байрамов не істеу керектігін әлі түсінбейтінін айтты.

Мен қайда барарымды, кімге хабарласу керегін білмеймін. Онымен кездесу үшін Қазақстанға баруым керек пе? Мен мұны білмеймін, - деді ол.

Айта кетейік, Бүгін Бакуден Грозныйға (J2-8243) ұшқан Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақта 62 жолаушы болған.