Ол бұл кадрларды әйеліне жіберген
Видеоны Субхон Рахимов түсірген деп айтылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бұл кадрларды әйеліне жіберіп, бірдеңе дұрыс емес екенін байқағанын жазған. Адамдар үрейленіп, дұға етіп, жолаушылар оттегі маскаларын пайдаланғанын көре аламыз.
Видеоны 112 тelegram-арнасы таратты. Оны түсірген жолаушының бірі видеоны құлар алдында әйеліне жіберіп үлгерген. Видеода ер адам Құдайға табынып, салонның видеоларын ішіндегі жағдайды көрсеткен. Салондағы адамдардың үрейленіп, әрең отырғаны байқалады. Ер адам ұшақ құлағаннан кейін де видео түсіріп үлгерген. Дене жарақатынан ыңыранып, тұра алмай жатқан әйелге “тұра аласыз ба?” деп сұрақ қойған. Әйел “көмектесіңізші” деп көмек сұрайды. Апаттан кейін салонның іші қирап, адамдар бір-бірлеп шығуға тырысып жатқаны көрінеді.
Еске салайық, бүгін Ақтауда Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ құстармен соқтығысқан деген нұсқа бар. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұшақтың бортында баллон жарылғанын хабарлады. ТЖМ хабарлауынша, 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр.