«Біз өлімімізді күттік»: Апаттан тірі қалған жолаушы ұшақта не болғанын айтып берді

Qaz365.kz редакциясы

Ұшақ бортындағы жолаушылар бәрі дүрліккен 

Коллаж Qaz365.kz

Ақтауда ұшақ апатынан тірі қалған жолаушы ұшақтағы жолаушылардың үрейін, ондағы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз өлімімізді күттік. Ұшақтың бір бөлігі жарылды. Біз құйрық жақта отырғанбыз. Бізді шамамен 100-150 метр жерге лақтырып жіберді. Біреулер қысылып қалды, енді біреулердің шығуы мүмкін болды. Олар басқаларға көмектесті. Ұшақтың құйрық жағында отырғандарда дүрлігу қатты болған жоқ. Әрине, бастапқы кезде бәрі дүрлікті», - дейді  жолаушы.

Еске салсақ, Ақтауда 52 жолаушысы бар Az Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды.

Көп өтпей әлеуметтік желіде Ақтауда құлаған ұшақтың салонынан видео тарады.

Осы апатқа байланысты Qaz365.kz тілшісі авиамаман Абыл Кекілбаевпен тілдесті.