Ақтауда құлаған ұшаққа оқ атылған ба? Бозымбаев жауап берді

Qaz365.kz редакциясы
Ү

Әлеуметтік желіде AZAL ұшағының артқы бөлігінде шұрық-тесік іздер кадры жарияланған еді. Осыған қатысты Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Қазір ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге криминалист-сарапшылар және авиация әкімшілігінен осындай әуе оқиғаларын зерттейтін мамандар да келді. Олар қылмыстық іс аясында барлық дәлелдерді жинап, қажетті сараптамаларды жүргізеді және апаттың себебін анықтайды. Қара жәшікті шифрлау және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Әрине, барлығын жариялаймыз, – деді Қанат Бозымбаев.

25 қазан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.