Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады

Qaz365.kz редакциясы

Жалпы ұшақта 5 экипаж мүшесі болған

Фото: әлеуметтік желіден

Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағынан тірі қалған 29 адам ауруханаға жатқызылды. Солардың арасында тірі қалған бортсерік те бар, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Жалпы ұшақта 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған еді. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. Әзербайжандағы БАҚ беттерінде стюардесса Айдан Рагимли ауруханада жатқан видеосы жарияланды. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.

Ұшақ апатынан Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.