Қазақ-өзбек шекарасында 450 метрлік қауіпті туннель анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр

Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

Қазақ-өзбек шекарасында екі ай бойы 450 метрлік туннель «жұмыс істеген». Күдікті азаматтар осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензин тасып тұрған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл туннельді қазған адамдардың арасында Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтары бар.

«Арнайы операция кезінде екі елден де күдіктілер ұсталды. Олар екі ай бойы осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензинді ұрлап отырған», - деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.

Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.