Оған тұрғындардың электр энергиясына төлемеген қарыздары себеп болған
Алматы облысының 25 мың тұрғыны жаңа жылға электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі мәлімдеп отыр.
“27 желтоқсанда Иргелі ауылдық округі мен Қаскелеңде "BeyAzhTrans" ЖШС-нің "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС алдындағы 390,7 млн теңге мөлшеріндегі берешегіне байланысты электр қуаты өшірілді. Қарасай ауданының әкімдігінде мәселені шешу үшін дереу шаралар қабылданды. АЖК АҚ басшылығымен жедел келіссөздер нәтижесінде бір сағат ішінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", – делінген әкімдік хабарламасында.
Қазіргі таңда әкімдік пен компаниялар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.