Ақтаудағы әуе апаты: Ресей авиациясы басшысы мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Әуе апаты салдарынан 38 азамат қаза тапты

Фото: әлеуметтік желіден

Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік жазуынша, Ядров Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді. 

"Ресей тарапы, Ақтау маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырауына байланысты, қазақ және әзербайжан әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеу ісінде әріптес болуға толықтай дайын екенін бірден хабарлады. Болған оқиғаның анық-қанығын мұқият әрі толық тексеру керек", - дейді федералдық мекеме басшысы. 

Ресей жағы Грозный қаласының жолаушы ұшағын қабылдай алмауына украин шабуылдарын айыптап отыр.

"Әуе апаты болған сағатта Грозный маңында жағдай күрделі еді: украин дрондарының Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымдарға террористік шабуылдарынан "ковер" жоспары енгізілген.

Грозный әужайында қою тұман түскен - 500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген. Ұшақ командирі екі мәрте қонуға талпынып көрді. Содан кейін оған басқа да әуежайлар ұсынылды, бірақ ол ұшақты Ақтауға қарай бұрған жөн деп шешті", - дейді Ядров. 

Бейнеүндеу соңында федералдық кәсіпорын басшысы Ресейдің Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне ұшақ апатын тергеуге көмектесуге дайын екенін тағы атап өтті.