Қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен. Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк кәртішкесі мен журналистің қызметтік куәлігі табылды.
Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.