«Соққы сырттан жасалды»: апатқа ұшыраған Embraer ұшағының бортсерігі оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол борттағы оттегі баллонының жарылуы туралы нұсқаны жоққа шығарады

Фото: 1news.az

Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағында жұмыс істеген бортсерік Зұлфұқар Асадов Грозный әуежайына қону әрекеттері кезінде ұшаққа сырттан соққы жасалып, жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, үшінші қону әрекетінен кейін «ұшақтың сыртынан біртүрлі дыбыс естілген», ал салонда үрей басталған. Асадов тағы бір сыртқы соққы кезінде қолын жарақаттап, әріптесінің көмегімен жарасын таңып алған.

Бортсеріктің айтуынша, пилот соққы салдарынан қозғалтқыш зақымданғандықтан, ұшақты суға емес, құрлыққа қондыруға шешім қабылдаған: суға қону үлкен жылдамдыққа байланысты ұшақтың бөлшектенуіне әкелуі мүмкін еді. Асадов борттағы оттегі баллонының жарылуы туралы нұсқаны мүлдем жоққа шығарады — ол мұндай нәрсе мүмкін емес екеніне сенімді.

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың тірі қалған бортпроводник сыртқы соққы кезінде алған жарақаты туралы айтты

«Жоқ, бұл жалған ақпарат. Неге екенін айтайын. Егер балон жарылған жағдайда бәрін жарып қиратар еді. Бізде бір ғана кислород балоны, оған бір нәрсе тисе бәрін быт-шытын шығарар еді. Ешқандай балон кіргізілген жоқ, өйткені қауіпсіздік қызметі тексереді, қолдарында дыбыс аппараты бар, қарайды. Үстіңізде ішіңізде не бар бәрін көрсететін аппарат бар. Бәрін, багажды шығарып көрсетеді. Әлбетте ондай мүмкін емес.  Ол олардың пікірі, нұсқасы шығар», – деді ол.