Каспий теңізі түбінде жер сілкінісі болды

Nur-Altay Umirzak

 Зілзала ошағы Әзербайжан жағалауына жақын тұста тіркелген

Сурет: Google Maps

Бүгін түнде Каспий теңізі түбінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

“30 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 01:14-те Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 41,54 градус солтүстік, 49,98 градус шығыс. MB шамасы = 4. Энергетикалық класс K=10,9. Тереңдігі h=11 км",– делінген Қазақстандық ұлттық деректер орталығы хабарламасында.

Зілзала ошағы Әзербайжан жағалауына жақын тұста тіркелген.