Астанадағы М-1 көпірі жабылды. Себеп қандай

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 29-нан 30-на қараған түні болған

Сурет: contrast.astana

Астанада ірі жол апаты болып,  М-1 көпірі жабылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді.

Апат желтоқсанның 29-ынан 30-на қараған түні болған. Жол апатының видеосынан қатты зақымдалған көлікті байқауға болады — ол көпірдің металл қоршауына соғылған. Жол апатынан бір адам қаза болған.

“Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшыққа апарар жолдағы М-1 көпірінде рөлге ие бола алмай, көпірдің қоршауына соғылған. Бұл оқиға нәтижесінде көлік ішіндегі жолаушы көз жұмды, ал жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді”, – делінген полиция хабарламасында.

Жедел жәрдем келгенше көлік ішіндегі жолаушы көз жұмды. Жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайларын полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.