"Ортақ айдын теңізіміз!": Ақтаудағы ұшақ апатынан қайтыс болғандарға арналып ән жазылды

Nur-Altay Umirzak

"Теңіз-жүрек" әні қазақ және әзірбайжан тілдерінде орындалған

Сурет: Бейнебаяннан кадр

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналып еске алу әні жазылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Теңіз-жүрек" әні қазақ және әзірбайжан тілдерінде орындалады. 

"Бір ұяның егізіміз. Ортақ айдын теңізіміз. Бір-бірімізге ең жып-жылы лебізіміз. Бірімізді іздеуменен, не бар бізге бір көрмеген?!  Қуаныш пен қайғым ортақ, сіздерменен", –  делінген ән мәтінінде.

Музыканың авторы Ренат Гайсин, сөздері Данияр Алдаберген мен Эльмира Дехгани.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау әуежайының жанында 25 желтоқсанда  Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. Кейін Әзірбайжан елінің президенті Илхам Әлиев:  “Ресей Әзербайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төлесін” –  деп ашық мәлімдеме жасаған болатын.