Ақтауда жаңа жыл түні жағалауға орнатылған пластикалық пальмалардың бірі өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға туралы сол маңда жүрген тұрғындар бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялады. Төтенше жағдайдан кейін бірден оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жаудын бетін қайтарды.
Ведомство өрттің 9 минутта сөндірілді деп түсіндірді. Зардап шеккендер болмаған.