Бір-біріне «жабысып» қалған: Ақмола облысында 40 көлік соқтығысты

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады

Фото: әлеуметтік желіден

Ақмола облысында трассада 40 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Видеода ондаған көлік соқтығысып, бір-біріне «жабысып» қалғанын байқауға болады. Оқиға Астана - Щучинск тасжолында болған.

40 көлік жол апатына түскені туралы ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады.

«Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаментінің өкілдері.